Медициналық көмектің сапасының жақсаруы және қолжетімді болуы мақсатында, 2015 жылдың 26-шы маусымы күні Жамбыл облысында өңірлік Call- орталығы ашылды. Орталықта 5 оператор, дәрігер-терапевт, психолог маманы жұмыс жасайды. «Шұғыл желі» телефондары аптасына 6 күн бойы жұмыс істейді сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін (сенбі күні 9.00-14.00), байланыс телефоны – 555 160.
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының Өңірлік Call- орталығының мақсаттары:
1. Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын көтеру;
2. Клиенттермен телефон арқылы қарым-қатынастық процесті жақсарту;
3. Өтініштер арқылы медициналық ұйымдардың жұмыс сапасын арттыру.
Бүгінгі күні Call- орталығы облыс бойынша 42 медициналық емдеу, алдын-алу ұйымдарына қызмет көрсетеді.
Тұрғындардың телефон арқылы сұрақтарына коммуникативтік әдістерге арнайы оқытылған және Call- орталығы басшысына бағынатын 5 оператор жауап береді, сондай-ақ сарапшы-дәрігер және психолог маманы.
Тұрғындар мына сауалдар бойынша хабарласуда:
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі;
- амбулаториялық қызмет көрсету жөнінде;
- «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» жөніндегі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесі бойынша;
- тұрғындардың БМСК ұйымына тірекелуі бойынша.
- Дәрігерді үйге шақырту мәселесі;
- Ауруханаға портал арқылы жатқызу.
Call-орталығына келіп түскен барлық сауалдар «қазір және осы жерде» принципі бойынша шешілуде.
Call- орталығының жұмысы аудиотаспаға түсіріледі, ол туралы пациент тұрақты түрде ескртіледі. Call- орталығына телефон шалған тұлға операторға алдымен өзінің аты-жөні, туған жылы және мекенжайы туралы мәлімет береді, содан кейін өзін мазалаған мәселені жеткізеді. Call- орталығына телефон соғу арқылы нақты бір медициналық мекеменің немесе медицина маманының жұмысына қатысты наразылық білдіріп шағым рәсімдеуге болады және облыстық денсаулық сақтау саласының түрлі медициналық ұйымдары бойынша кәсіби тұрғыда жауап алуға мүмкіндік бар.
Қойылған сұрақтар қосымша толықтырулар мен тексерістерді қажет етуі мүмкін, яғни жауап беру үшін, облыстық және қалалық медициналық ұйымдардан сұрату керек болады, ондай жағдайда телефон шалушыға уақыт керектігі ескертіледі. Call- орталығы деңгейінде шешілмеген мәселелер емдеу мекемелерінің аудит жөніндегі бас дәрігердің орынбасарына хабарланып, мониторланады, осылайша Call- орталығының операторы арқылы пациентке жауап қайтарылады және ол жауаппен қағаттанды ма анықталады.
Болашақта Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасынің Өңірлік Call- орталығы тәулік бойынша қызмет көрсетеді және операторлардың орнына дәрігерлер жұмыс істейтін болады.