There is no translation available.
ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) немесе ЖРА (жедел респираторлық ауру) — тыныс алу ағзаларының вирустар және бактериялармен қабынулық зақымдануы. Күнделікті өмірде ЖРВИ-ді салқын тию немесе грипп деп атайды. ЖРВИ жылдың суық мезгілінде әр түрлі вирустар: грипп, парагрипп, аденовирустар, респираторлық-синцитиальді вирустар, риновирустар, коронавирустар, парагрипп және т.б. әсерінен дамиды, қазан айынан сәуір айы аралығында және ақпан айында өршумен өтеді. Микоплазмамен шақырылған инфекциялар күз айының басында,ал пневмококкты және стрептококкты А тобының инфекциялары көктем айында өршиді. ЖРВИ ауа-ташмы, ауа-шаң, тұрмыстық (үйде қолданылатын тұрмыстық заттар арқылы) , алиментарлы жолдар (тамақ, ішетін су) арқылы беріледі. Аурудың бастапқы кезеңінде вирус тыныс жолдарының кіреберіс қақпағында дамиды, яғни мұрында, жұтқыншақ және көмейде, төменгі тынысм алу жолдары- бронх, өкпеде дамиды. Ол мынадай симптомдармен көрінеді: әлсіздік,жарықтан қорқу сезімі, қалтырау, буын және бұлшық етте ауыру сезімі, бас ауыру, жөтел , тамақта ауыру сезімі, мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, дауыстың қырылдауы, дене қызуының көтерілуі, терлегіштік, кейде құсу, жүрек айну.
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК: Аурудың алғашқы күндері төсектік режим, жанындағы адамдарды жұқтырмау мақсатында бетперде тағу ұсынылады. Көп мөлшерде сұйықтық (дәрумендік компот, шырын, шәй, қайнатпалар) ішу, емдәмді ұстану (ауыр емес, дәрумендерге бай, нәрлі тамақ) ұсынылады.