View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) немесе ЖРА (жедел респираторлық ауру) — тыныс алу ағзаларының вирустар және бактериялармен қабынулық зақымдануы. Күнделікті өмірде ЖРВИ-ді салқын тию немесе грипп деп атайды. ЖРВИ жылдың суық мезгілінде әр түрлі вирустар: грипп, парагрипп, аденовирустар, респираторлық-синцитиальді вирустар, риновирустар, коронавирустар, парагрипп және т.б. әсерінен дамиды, қазан айынан сәуір айы аралығында және ақпан айында өршумен өтеді. Микоплазмамен шақырылған инфекциялар күз айының басында,ал пневмококкты және стрептококкты А тобының инфекциялары көктем айында өршиді. ЖРВИ ауа-ташмы, ауа-шаң, тұрмыстық (үйде қолданылатын тұрмыстық заттар арқылы) , алиментарлы жолдар (тамақ, ішетін су) арқылы беріледі. Аурудың бастапқы кезеңінде вирус тыныс жолдарының кіреберіс қақпағында дамиды, яғни мұрында, жұтқыншақ және көмейде, төменгі тынысм алу жолдары- бронх, өкпеде дамиды. Ол мынадай симптомдармен көрінеді: әлсіздік,жарықтан қорқу сезімі, қалтырау, буын және бұлшық етте ауыру сезімі, бас ауыру, жөтел , тамақта ауыру сезімі, мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, дауыстың қырылдауы, дене қызуының көтерілуі, терлегіштік, кейде құсу, жүрек айну.
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК: Аурудың алғашқы күндері төсектік режим, жанындағы адамдарды жұқтырмау мақсатында бетперде тағу ұсынылады. Көп мөлшерде сұйықтық (дәрумендік компот, шырын, шәй, қайнатпалар) ішу, емдәмді ұстану (ауыр емес, дәрумендерге бай, нәрлі тамақ) ұсынылады.

 

 

taraz gp6 1728886815578