Денсаулық мектебі – пациенттер мен тұрғындардың білім деңгейін, хабардарлығы мен ауру-сырқаудың даму қаупінің мінез-құлықтық факторлары дамуының алдын алу, яғни, аурулардың пайда болуы мен дамуы шарттарын жоюға бағытталған бастапқы профилактика, денсаулықты нығайту мен сақтау бойынша тәжірибелік дағдылар дәрежесін арттыруға бағытталған жеке және топтық әсер етудің құралдары мен әдістердің ұымдастырылған жиынтығы және денсаулық сақтаудың алғашқы буынында пациенттерге көрсетілетін топтық кеңес берудің медициналық профилактикалық түрі болып табылады.
Денсаулық мектебінің мақсаты – тұрғындарды салауатты өмір сүруге үйрету, пациенттердің мақсатты іс-әрекеттерге қабілеттерін қалыптастыру мене аурудың алдын алуды насихаттау. «№ қалалық емхана» ШЖҚ МКК 8 денсаулық мектептері жұмыс істейді: «Артериялық гипертония және ЖИА мектебі», «Инсульттің алдын алу мектебі», «Қауіптің мінез-құлықтық факторлары мектебі», «Қант диабеті мектебі», «Бронх демікпесі мектебі», «Егде адамдар мектебі», «Босануға даярлық мектебі», «Дені сау бала мектебі».
Денсаулық мектептерінің жұмыс кестесі «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұымдардағы қауіптің мінез-құлықтық факторлары бойынша Денсаулық мектептерінің қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2012 жылғы 5 наурыздағы №146 бұйрығына сәйкес жұмыс істейді.
Дүйсенбіден жұмаға дейін (дүйсенбі-жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін үзіліссіз), демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс істейді.
Құрметті пациенттер, Денсаулық мектептерінің жұмысы туралы хабарлай отырып, оқуға қызығушылық танытқан тұлғаларды шақырамыз!
Денсаулық мектептерінің жұмыс кестесі
№ | Атауы |
Кабинет/ қабат |
Жауапты қызметкер | Өтетін күні/уақыты |
1 | «Артериялық гипертония және ЖИА» мектебі |
103 каб. 1 қабат |
Нургалиева Б.Н. (кардиолог) Ильясова С.К. (мейірбике) |
Күн сайын 09:00 – 18:00 |
2 | «Қауіптің мінез-құлықтық факторлары» мектебі |
103 каб. 1 қабат |
Сармолдаева С.А. (проф.бөлім дәрігері) Ильясова С.К. (мейірбике) |
Күн сайын 09:00 – 18:00 |
3 | «Қант диабеті» мектебі |
103 каб. 1 қабат |
Ильясова С.К. (мейірбике) | Күн сайын 09:00 – 18:00 |
4 | «Бронх демікпесі» мектебі |
103 каб. 1 қабат |
Қалыбай А.Б (терапевт) Ильясова С.К. (мейірбике) |
Күн сайын 09:00 – 18:00 |
5 | «Босануға даярлық» мектебі |
408 каб. 4 қабат |
Рощина В.Ф. (отбасын жоспарлау кабинетінің акушері) | Күн сайын 09:00 – 18:00 |
6 | «Егде адамдар» мектебі |
103 каб. 1 қабат |
Сармолдаева С.А. (проф.бөлім дәрігері) Ильясова С.К. (мейірбике) |
Күн сайын 09:00 – 18:00 |
7 |
«Инсульт пен инфаркттің алдын алу» мектебі и инфаркта |
103 каб. 1 қабат |
Альжанова Г.Э (неврапатолог) Ильясова С.К. (мейірбике) |
Күн сайын 09:00 – 18:00 |
8 | «Дені сау бала» мектебі |
221 каб. 2 қабат |
Байбосынова Ж. (мейірбике ДСБ кабинеті) | Күн сайын 09:00 – 18:00 |