Миссия
Сіздін денсаулығыныз-біздің қамқорлығымыз
Ваше здоровье-наша забота
Your health- our concern
Мақсат
Сапалы медициналық көмектің және медициналық-санитариялық алғашқы көмек пен консультациялық-диагностикалық көмектің мерзімінде көрсетілуін қолжетімді ету жолымен халықтың денсаулығын жақсарту.
Басты құндылықтар
• Пациент - басты назарда
• Қауіпсіздік
• Жауаптылық
• Қайырымдылық
• Құрмет көрсету
• Шыдамдылық
• Алқалылық
• Ашықтық
• Кәсіпқойлық
Міндеттер
- басқаруды жетілдіру;
- емханада және үйде тіркелу аумағындағы тұрғындарға медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету;
- тіркелген тұрғындардың мақсатты топтарына скринингтік тексерулер жүргізу;
- тұрғындар арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
- тұрғындарды диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- мекемеде денс аулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін ары қарай дамыту;
- ана өлім-жітімі көрсеткіштерін азайту, әлеуметтік маңызды ауру-сырқауларды төмендету;
- жалпы өлім-жітім көрсеткіштерін азайту мен өмір сүру ұзақтығын арттыру;
- ауруханаға жату деңгейін азайту мен емхана, жедел жәрдем мен стационар арасында медициналық көмек көрсету сабақтастығын қамтамасыз ету;
- тегін медициналыө көмектің кепілдік берілген көлемінің орындалуын қамтамасыз ету;
- ана мен баланы қорғау;
- медициналық көмектің қолжетімді болуын арттыру;
- кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту мен дәрігерлік және мейіргерлік персоналдың біліктілік деңгейін арттыру;
- тұрғындарға, ең алдымен, әлеуметтік маңызы бар аурумен сырқаттанған тұлғаларға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту; жұқпалы және жұқпалы емес аурулар деңгейін азайту;
- медициналық көмекті үздіксіз жетілдіру мақсатында медициналық көмек сапасын, клиникалық аудит жүйесін басқару қызметтерінің жұмысын, емдеу үдерістерін медициналық көмек сапасының белгіленген ішкі және сыртқы индикаторлар мен медициналық-экономикалық тарифтерді бағалауды жақсарту;
- тұрғындарға саламатты өмір салтын насихаттау мен гигиеналық оқыту;
- тәжірибеге профилактиканың, диагнростика мен емдеудің инновациялық технологиялары мен заманауи әдістерін енгізу.