ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ХИРУРГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ СТАНДАРТЫН ЖАҢАРТТЫ

There is no translation available.

 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен
хирургиялық (іш, кеуде, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңартылған стандарты бекітілді.
Бұйрықпен бекітілген хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты Қазақстан Республикасында хирургиялық көмекті ұйымдастыруға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптарды белгілейді.
Хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі Халық денсаулығы туралы Кодекске сәйкес медициналық көмектің шарттарына, нысандарына сәйкес баяндалған. Үйде, шұғыл және жоспарлы түрде хирургиялық көмек көрсету бөлімдері енгізілген.
Жаңа стандартта штат саны, хирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру көзделген.
Географиялық қолжетімділікті, кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды, халықтың медициналық көмекті тұтыну көлемін, жедел араласу қаупінің дәрежесін ескере отырып, стационарлық жағдайларда хирургиялық көмек көрсетуді өңірлендіру көзделген.
Құжатта сарғаю және іш қуысының сұйықтық жинақтарының дренажы кезінде жекелеген ауыр жағдайларда мамандандырылған хирургиялық көмек орталықтарын ұйымдастыру көзделген.
340484043 1006896333609980 4030935731308084194 n