ӨЗІҢІЗДІ ОСЫ ТІЗІМНЕН ІЗДЕП КӨРІҢІЗ. ЕГЕР БҰЛ ТІЗІМДЕ БОЛСАҢЫЗ, МӘМС ҮШІН ЖАРНА ТӨЛЕМЕЙСІЗ. СЕБЕБІ СІЗ ҮШІН ОНЫ МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕЙДІ.

There is no translation available.

💥 Жеңілдік санатына кіреді:
⚡18 жасқа дейінгі балалар;
⚡Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;;
⚡Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
⚡Үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
⚡Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
⚡Мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
⚡Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар
⚡Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері
⚡ Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар
⚡Тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
⚡ Жұмыс істемейтін қандастар;
⚡ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
⚡ Мүгедектігі бар адамдар;
⚡ Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
⚡ Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
🙌 Сіз өзіңіздің әлеуметтік мәртебеңізді egov.kz порталы арқылы тексере аласыз. Егер адам тізімде жоқ болса, онда растайтын құжаттардың тізімін жинап, ХҚО-ға тапсыру қажет. Ақпарат мемлекеттік органдарға растау үшін жіберіледі.
325872018 741513924006657