View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

Бүгін, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «№6 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының» есеп  бөлімінде емханамыздың комплаенс офицері Н. Оразбаевтың  қатысуымен жиын өткізілді
Ол қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, ашықтық қағидаттарын енгізуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға байланысты кешенді алдын алу жұмысына баса назар аударылғандығына тоқталды.
Бас дәрігердің 2023 жылғы 21 маусымдағы №158-ө бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылғанын және 2023 жылдың 01-31 шілде аралығында ішкі талдау жүргізілетінін хабарлады.
Спикер мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын сақтауға және аталған салада сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керек екендігін жеткізді.
Сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда Департаментке немесе Агенттіктің тәулік бойы қызмет ететін 1424 Call-орталығына хабарласуға шақырды. Қатысушыларды жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидаларынан хабардар етті.

Изображение WhatsApp 2023 06 30 в 17.18.12

Изображение WhatsApp 2023 06 30 в 17.15.41