Емханамыздың комплаенс офицері Н.А.Оразбаев тар мамандар бөлімімен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында кезекті жиын өткізді

There is no translation available.

Жиналғандар алдында Емханамыздың комплаенс офицері Н.А.Оразбаев сөз сөйледі.Жиын барысында тар мамандар бөлімі қызметшілеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу ретінде бағаланатынын еске салды.
Бұл әрекет «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.
Нурсултан Оразбаев мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындағаны үшін сыйлықтарға кез келген нысанда тыйым салынғанын атап өтті.
«Егер сыйлықтың құны 2 АЕК-тен төмен болса, беруші үшін 200 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Алушы үшін-600 АЕК (2 млн.теңгеден астам). Жоғарыда айтылғандардың бәрі пара ретінде қарастырылады және қылмыстық жауапкершілікті қарастырады», - деді спикер.
Айта кетейік, мемлекеттік қызметшінің білімінсіз келіп түскен, сондай-ақ тиісті функцияларды орындауға байланысты алған сыйлықтар арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсырылуға жатады.
Сондай-ақ  Н.Оразбаев мамандарға сыбайлас жемқорлықтың ауыр қылмыс, қоғамның дерті онымен күресу баршамыздың міндетіміз екенін атап кетті.

WhatsApp Image 2023 03 28 at 11.39.57

 

WhatsApp Image 2023 03 28 at 11.40.31

 

WhatsApp Image 2023 03 28 at 11.40.12