View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

Сақтандыру мәртебесін алудың жаңа механизмін енгізу МӘМС жүйесіндегі көпшілік күткен және тиімді өзгерістердің бірі болып табылады. 5 қыркүйектен бастап бір жыл бұрын алдын ала сақтандырылу мүмкіндігі пайда болды. Бұл тұрғыда өткен 12 айдың қарызын өтеу міндетті емес. Бұл жаңашылдықты 2,6 мыңнан астам азамат пайдаланып үлгерді әрі оң бағалауда.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өтілгендей, ағымдағы жылдың 5-қыркүйегінен бастап алдағы 12 айға МӘМС жарналарын төлеудің жаңа тетігі іске қосылды. Бұрын өткен 12 ай үшін жарналардың төленген болуы міндетті еді. Ал қазір жаңа әдісті таңдағанда өткен жылы төленбеген кезеңдер үшін төлеудің қажеті жоқ.
Қазан айының алғашқы жартысында 2600 астам азамат жаңа механизмді пайдаланды. Алматы, Астана қалалары және Алматы, Қарағанды, Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары бір жыл бұрын сақтандырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізбесіне кіретін медициналық көмек алудың тиімділігін жоғары бағалады.
Жаңа механизм бойынша алдын ала бір жылға сақтандыру мәртебесін қалай алуға болады?
Әр айға жеке-жеке 3 000 теңгеден, яғни 12 төлем жасау керек. 12 айға 36 000 теңге шығады. Бұдан бөлек, ескеретін жайт, 12 айға бір төлеммен аударуға болмайды. Себебі жүйе әр айды бөлек есептейді.
МӘМС жарналарын екінші деңгейдегі кез келген банк, банктердің мобильді қосымшалары, жылдам төлем терминалдары және «Қазпошта» филиалдары арқылы төлеуге болады.
Мәртебе қашан пайда болады?
Егер МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесі ағымдағы айдан бастап керек болса, онда ағымдағы айды қоса алғанда, жарналарды 12 ай үшін төлеу қажет («Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының 30-бабы, 7-тармағына сәйкес мәртебе жарналар төленген күннен бастап 12 айға беріледі)
Мысал: сіз қазан айында жарналарды 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін төлейсіз. Сақтандыру мәртебесі қазан айында беріледі және барлық төленген кезеңге сақталады.
314118094 486992316799845 3964567604953547019 n