View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдауда.
Балалар жылында елімізде балалар арасындағы аурушаңдық пен мүгедектіктің өсуіне жол бермеу тиімділігін арттыруға бағытталған бірнеше іс-шара жүзеге асырылуда.
Осылайша, ҚР-да неонаталдық хирургияны одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары және ҚР-да балалар онкологиялық және гематологиялық көмегін жетілдіру жөніндегі Жол картасы бекітілді және іске асырылуда.
Денсаулық сақтау жүйесін білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін аса тапшы мамандықтар бойынша резидентура гранттарын бөлу жүргізілуде. Мемлекеттік комиссия резидентураның 1500 білім беру грантын бөлді, оның ішінде 292 педиатриялық бейіндегі мамандықтар бойынша: "Балалар хирургиясы" - 39, "Неонатология" - 87, "Педиатрия" -146 және "Балалар онкологиясы мен гематологиясы" - 20.
Елімізде балалардағы ауруларды ерте қамту және диагностикалау мақсатында жаңа туған нәрестелер мен жас балаларды скринингтік тексеру бағдарламасы енгізілді, жаңа туған кезеңнен бастап мектеп жасына жеткенге дейін әрбір баланы сүйемелдеп, кезең-кезеңмен кешенді тәсілді іске асыруға мүмкіндік береді.
ҚР бойынша 2022 жылдың 6 айында 157 870 нәресте неонаталдық скринингпен қамтылды. Нәтижесінде фенилкетонуриямен, туа біткен гипотиреозбен балалар анықталды.
Аудиологиялық скринингпен 1,2 млн-нан астам бала қамтылды. Түрлі дәрежедегі құлақ мүкістігі бар, әрі қарай емдеуге және түзетуге бағытталған балалар анықталды.
1 млн-ға жуық бала ерте жастағы балаларды скринингтік аттестаттауға, балалардың көру және есту функцияларын бағалауға, коммуникацияның бұзылуына бағытталған ерте жастағы балалардың психофизикалық даму скринингімен қамтылды. Балалардың 1,4% - ында психофизикалық дамудың бұзылулары анықталды. Анықталған балалардың 48,5%-ы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберілді.298834776 430598949110176 4930434687492191438 n