View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

Қазақстанда соңғы 2 аптада COVID-19 ауруының 1,4 есе төмендегені байқалады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлімдеді.
«Соңғы екі аптада КВИ+ ауруының 1,4 есе төмендегені байқалады. КВИ ауруы республика бойынша 1,6 есеге төмендеді», - деді Алексей Цой.
Бұл ретте, ай сайынғы мониторинг қорытындысы бойынша инфекциялық төсектердің қамтылуы 1,6 есеге төмендеп, 25% - ды құрады. Реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы да 1,6 есеге азайды.
Сонымен қатар, еліміздің реанимация бөлімшелеріндегі науқастардың саны 1,6 есеге азайды.
«Сары аймақта» - Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан қаласы.
Қазақстан Республикасы және қалған 11 өңір жасыл аймақта орналасқан.
Covid-19-ға қарсы вакцинация науқандары жалғасуда. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 8,9 млн адам, екінші компонентпен 8,2 млн адам егілді.
Балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау жүргізілуде, бірінші компонентпен 148 843 адам, немесе тиісті контингенттің 7,4% - ы, оның ішінде 119 258 бала, 29 585 ересек адам егілді.
Сонымен қатар, ревакцинация аясында 37 345 адам қамтылды.
ҚР Денсаулық сақтау министрі әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссия халықты қайта вакцинациялау тактикасын қайта қарағанын атап өтті.
6 айдан кейін ревакцинацияға вакцинацияны екі дозамен аяқтаған және коронавирустық инфекциямен ауырған адамдар жатады. Бас мемлекеттік дәрігердің тиісті Қаулысы қабылданды. Осы тактиканы ескере отырып, министрлік алдағы тоқсанға арналған ревакцинация жоспарын жаңартты», - деді Алексей Цой.
264530177 269374745232598 1871782430694238616 n