View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

1- желтоқсан - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні.
Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек. Бұл мерекенің 1 желтоқсан болып таңдалу себебі де ерекше.
1991 жылдың 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде қазақ елінің тұнғыш президенті сайланып, ұлт тарихында жаңа өзгерістер бастау алды.
Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен елімізде түрлі іс шаралар, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жүзеге асты. Елбасымыздың кемеңгерлік саясаты арқасында қазақ елі өзге елдерде таныла бастады. Ел іргесі, шекарасы нақтыланды, заңмен бекітіліп жеке Қарулы күштері құрылды. Елбасымыз қазақ халқы үшін аянбай қызмет етті. Елбасы есімі - Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін. Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі - Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Баршаңызға мерекелік көңіл - күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілейміз!!!
 
 
Уважаемые Таразцы!! Основатель нового независимого государства Нурсултан Назарбаев – автор глобальных инициатив, получивших признание всех казахстанцев и уважение международного сообщества. Желаем мира и дальнейшего процветания нашему государству и счастья и благополучия каждому казахстанцу!
WhatsApp Image 2021 11 30 at 15.02.31