Ардагерлерге құрмет – ерлікке тағзым

There is no translation available.

 

Бүгін тыл еңбеккерлерінің шаңырақтарына барып, майдан мен еңбек даласында от кешкен қарияларды Жеңіс мерекесімен құттықтадық.
Тыл ардагері Әбдімомын Өтегеновтің де үйіне арнайы атбасын бұрып, мерекесімен  құттықтадық. Медицина дәрігер мен медбике  мамандары денсаулығын тексерді. Тыл ардагері Әбдімомын Өтегенов соғыс жылдарында  қария  балалық  шағына қарамастан  шөп шауып, арба айдаған. 12 жасынан үлкен еңбекке жегілген ол соғыс біткен соң теміржолға ұста болып орналасып, салада табан аудармастан 44 жыл еңбек еткен. Бүгінде қарияның 6 ұл, 2 қызынан 30 немере, 40 шөбересі бар.

 

  Бүгінгі ашық аспан, бейбіт өміріміз үшін ардагерлеріміздің алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың ерліктерін келер ұрпақ ешқашан ұмытпайды. Қашанда  аға буынды ардақтау, құрмет көрсету ісіне әрдайым жіті мән береді.

 № 6 Қалалық емхана ұжымы.

 

Изображение WhatsApp 2024 05 10 в 12.34.43 2220cИзображение WhatsApp 2024 05 10 в 12.34.44 9c0f5  Изображение WhatsApp 2024 05 10 в 12.34.44 a48c8 Изображение WhatsApp 2024 05 10 в 12.34.44 1b3b