ГАСТРИТ АУЫРМАЙДЫ НЕМЕСЕ АСҚАЗАН ІШЕК ЖОЛДАРЫ АУРУЛАРЫНЫҢ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАСЫ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ

There is no translation available.

ДӘРІГЕР МУЗАФАРОВ
Клиникалық тәжірбиесі көп, эндоскопист, хирург-гастроэнтеролог дәрігер Сатыбалды Музафаров гастрит ауырсынуды туындатпайды, бірақ көптеген қауіпті асқазан ішек жолдары ауруларына әкеледі дейді. Көп жағдайда адамдардың жүректің айнуы, ықылық тию, кекіру, ауыздан шығатын жаман иіс сияқты қарапайым симптомдарға назар аудармайтыны өкінішті жағдай.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының деректері бойынша асқорыту ағзаларының патологиялары геометриялық прогресте өршиді. Ауырсыну сиптомдарын сезбей, пациенттер қарапайым профилактикадан бас тартып, зерттелмейді. Қатты ауырған кезде немесе аурудың кеш созылмалы кезеңінде дәрігерге жүгінеді, ал кеш жүгінген жағдайда дәрігерлер түбегейлі шаралар қабылдауға мәжбүр болады.
Бүгінгі таңда ГЭРА( гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы) ДДҰ XXI ғасыр ауруы деп жариялады, бұл ауруды соңғы он жылда белсенді түрде зерделей бастады. Бұл ДӨСЖ ( диагфрагманың өңеш саңылауының жарығы) асқынуы және оған кенеттен асқазандағы тамақтың (кей жағдайларда ұлтабардан) өңешке және одан әрі ауыз қуысына құйылуының қайталану жағдайы тән.
ГЭРА айтарлықтай асқынулар беруі мүмкін. Мысалы бронх-өкпе жүйесінің он ауруы: бронхиалды астма, СОӨА (созылмалы обструктивті өкпе ауруы), фиброз, құрғақ жөтел және басқа да тыныс алу жолдарының патологиялары. ГЭРА бронхиалды астма себебі ретінде зерттелген пациенттердің 50% астам адамда анықталды. Лор ағзалары жағынан бұл фарингит, ларингит, синусит, тамақ ауруы және өңеш обыры да болуы мүмкін. Асқазанмен байланысты емес асқынулардың арасында кеуде тұсының ауырсынуы және жүрек қағысының бұзылуының диагностикасы үлкен проблема болып қалуда. ГЭРА кардиолгиялық синдромы кардиологиялық патологиясы айқындалмаған 80% жуық науқаста анықталды.