Секпіл неден пайды болады?

There is no translation available.

Секпіл — адамның терісіне түсетін пигментті ұсақ дақтар. Ол көбіне бетте, қолдың сыртқы жағында, иықта, арқа мен кеудеде пайда болады. Негізінде тері клеткаларындағы пигмент — меланиннің көп жиналуынан туындайды.
Секпіл бала кезде пайда болып, жас ұлғайып, 30-дан асқаннан кейін оның мөлшері өзгермей, түсі ғана өзгереді. Ғалымдардың айтуынша, көбіне ақ құба, сары, жирен шашты, терісі жұқа адамдарда жиі кездесетін көрінеді.
Статистикаға сүйенсек, секпіл ерлерден гөрі әйелдерге жиі кездеседі. Мұндай жағдайда қыздар қауымы бетіне шыққан сепкілдер үшін мазасыз күй кешеді. Түрлі ем қабылдап, дәрігерлердің кеңесіне жүгінеді. Косметологтардың айтуынша, секпілдердің алдын алып, аз көлемде шығуы мен түсінің қанық болмауын қамтамасыз ететін түрлі ережелер бар. Олар: ақпан айынан бастап, күнделікті тағамға С дәруменіне бай өнімдерді қосып, күнде бетті жартылай сумен араластырылған лимон шырынымен сүрту және міндетті түрде күннен қорғайтын көзілдірік пен қалпақ киіп жүру. Негізі секпілді тудырушы – күннің көзі. Күн ыстық болған сайын, соғұрлым беттегі сепкілдер көбейіп, ұлғая түседі. Сондықтан да сепкілдің алдын алу үшін, бет күтімін ұмытпай, түрлі кремдер мен маскаларды қолданып, алдын алу керек. Бірақ та емдеуді бастамай тұрып, ең алдымен секпіл тудыратын гинекология, асқазан, ішек-қарын ауруларын, эндокринді, жүйке жүйесін тексертіп алған абзал.
«Сұлулық әлемді құтқарады» демекші, өз бойыңыздан тек әдемілікті көре біліңіз. Беттегі сепкіл үшін көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Ол сізді басқа адамдардан ерекше, әрі тартымды етіп көрсететінін ұмытпаңыз!
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі305830911 549041413666763 6008477549469984485 n1