2022 жылдың 24 мамыр күні Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы және басқармаға қарасты емдеу алдын-алу ұйымдары, «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменттінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Е.Бақтыхожаевтың төралығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын іске асыру жоспарын орындау және квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережелерін қалыптастыру мақсатында кездесу өтті
Кездесуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне жауапты емханамыздың заң кеңесшісі Н.Оразбаев қатысты.
Кездесу барысында кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне және өңірдегі одан әрі бірлескен жұмысқа қатысты өз ойларын белсенді түрде білдірді.
Қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына жауапты мекеменің әрбір басшысы осы бағыттағы жұмыстарға баса назар аудару керектігі айтылды . Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне міндетті түрде ішкі талдаудың әдістемелік ережелері туралы кеңестер берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын іске асыру
There is no translation available.