МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ ТЕГІН АЛУҒА БОЛАТЫНЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

There is no translation available.

✔ Біріншіден, Сізге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың біріне тіркелгеніңіз туралы тексеру қажет. Клиника немесе емхана Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері болуы керек екенін есте ұстаған жөн. Егер сіз әлі тіркелмеген болсаңыз, оған міндетті түрде уақыт бөліңіз. Онсыз сіз дәрігерге барып, тегін медициналық көмек ала алмайсыз.

✔ Екінші. Медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңізді тексеруді ұмытпаңыз. МӘМС кеңейтілген пакетіне қол жеткізу үшін Сіз "сақтандырылған" болуыңыз қажет. Мұны Қор сайтында ЖСН нөмірі бойынша немесе @SaqtandyryBot телеграмм-бот арқылы жасауға болады.

✔ Үшінші. Емханаға жоспарлы бару алдында терапевтке алдын ала жазылуды ұмытпаңыз. Мұны мобильді қосымша арқылы немесе қалаңыздың бірыңғай байланыс орталығы арқылы немесе емхананың call-орталығы арқылы жасауға болады. Талон алу үшін қабылдауға сәл ертерек келген дұрыс. Іс жүзінде әрбір қалалық емханада бүгінгі күні электронды кезек жұмыс істейді.

❗ Терапевт жолдамасынсыз тар маманның қабылдауына кіре алмайтыныңыз туралы есте ұстаған жөн.

✔ Дәрігер терапевт сізге сараптамалардың негізгі немесе кеңейтілген тізіміне жолдама береді, қажет болған жағдайда сіздің денсаулығыңыздың жағдайын бағалау үшін диагностикалық тексеруге және тар маманға кеңес алуға жібереді. Бұл үшін өз қалтаңыздан ештеңе төлеудің қажеті жоқ.

213817286 634470450856541 6025982849729958981 n