Әлеуметтік мәні бар ауруларға қандай медициналық көмек көрсетіледі?

There is no translation available.

                                                                    

                                                                                           Снимок2021

✅ Әлеуметтік мәні бар ауруларға кіреді:

✔️Туберкулез
✔️АИТВ
✔️Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы
✔️Қатерлі ісіктер
✔️Қант диабеті
✔️Психикалық, мінез-құлық бұзылулары
✔️Балалардың церебралды сал ауруы
Жедел миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай)
✔️Ревматизм
✔️Дәнекер тінінің жүйелі зақымдануы
Жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары
✔️Орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық аурулары
✔️Орфандық аурулар

✅ Әлеуметтік мәні бар аурулар медициналық көмек ала алады:

♦️Амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жүргізіледі.

✅ Тегін дәрі-дәрмектер беріледі ма?

♦️Белгілі бір әлеуметтік мәні бар пациенттер ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен, оның ішінде:

✔️Туберкулез
✔️АИТВ
✔️Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы
✔️В вирустық гепатиті
✔️Қант диабеті
✔️Онкологиялық аурулар
✔️Жүректің ишемиялық ауруы
✔️Жүрек қақпақшасын протездеу
✔️Психикалық аурулар
✔️Балалардың церебралды сал ауруы
✔️Реактивті артрит
✔️Аутоиммунды аурулар және иммун тапшылығы жағдайлары
✔️Түйіндік полиартрит
✔️Альцгеймер, Бехчет, Крон аурулары,
мукополисахаридоз және басқа да орфандық аурулар.

♦️Науқастар аурудың дәрежесі мен сатысына байланысты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.

✅Медициналық көмекке не кіреді?

✔️Диагностиканың, емдеудің, динамикалық бақылаудың медициналық қызметтері.
Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауратын науқастарға (яғни, оларға диагноз қойылған болса және олар өз емханасында әлеуметтік мәні бар ауру бойынша диспансерлік есепте тұрса) негізгі ауруы бойынша медициналық қызметтер ТМККК шеңберінде көрсетілетінін түсіну маңызды. Мәселен, жүргізілетін терапияны түзету немесе созылмалы аурудың өршуі кезінде медициналық қызметтер ТМККК шеңберінде ұсынылады, демек, МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесіне қарамастан қолжетімді болады.