Баршаның назарына

🔹2024 жылғы 8-9 ақпанда елімізде “Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау” тақырыбы бойынша “Көктем-2024” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
📌Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Ақтөбеде орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.
🔹“Сонымен қатар “Баршаның назарына!” дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 8 ақпанда, сағат 12.55-де (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылы қосылады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз”, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
424974560 18257090575238910 1472794749890363928 n