Жыл жетістіктері: 2023 жылға бөлінген қаражат көлемі ұлғайд

Жамбыл облысы денсаулық сақтау саласы өткен 2023 жылы бірқатар оң көрсеткіштерге қол жеткізді. Өңір медицинасы біршама алға дамып, біршама белестерді бағындырды.
Атап айтар болсақ, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көлеміне 1991 жылы - 500 млн теңге бөлінсе, 2023 жылға бөлінген қаражат көлемі – 13,5 млн.теңгені құрады.
Бүгінгі таңда 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының шеңберінде материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджет есебінен медициналық құрал-жабдықтар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға 3,2 млрд.теңге қаржы бөлініп, 45 дана медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды (о.і: 3 дана эксперттік кластағы УДЗ аппараттары, 2 дана видиогастраскоп, 2 дана фиброгастраскоп, 1 дана жасанды тыныс алу аппараттары, 4 дана наркоздық тыныс алу аппараттары, 1 дана ЭКГ және т.б.).
Нәтижесінде, облыс бойынша медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – 96,6%-ға жетеді деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, МӘМС енгізудің және квоталарды ұлғайтудың есебінен әрбір азамат үшін қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігі жыл сайын арттырылды.
413961034 875043504399884 4724038070374095057 n414682088 875043741066527 8303951254184668236 n414644697 875043761066525 4184958769707719012 n414689848 875043744399860 2752818995621308361 n