Бүгін, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «№6 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының» диагностика бөлімінде емханамыздың комплаенс офицері Нурсултан Оразбаевтың қатысуымен жиын өткізілді.
Жиналғандарға «Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ, ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексі» заңдарымен таныстырып, атап айтқанда 61-бап. Сандық денсаулық сақтау субъектілерінің жауапкершілігі
7. Медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлері уәкілетті органның электрондық ақпараттық ресурстарына енгізілген электрондық деректердің сапасы, уақтылылығы, сенімділігі және құпиялылығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8. Жеке тұлғалардың жеке өміріне қатысты, оның ішінде медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын жеке медициналық деректерді жоғалтуға, заңсыз жинауға және өңдеуге әкеп соқтырған жеке медициналық деректерді қорғау шараларын сақтамағаны үшін тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады. Қазақстан Республикасының заңдары.
«Құпия электрондық ақпараттарды бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ» заңы
79-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу Меншiк иесiнiң, оператордың немесе үшiншi тұлғаның дербес деректердi қорғау жөнiндегi шараларды сақтамауы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жиналғандарға емханамыздың комплаенс офицері Н.Оразбаев өз сөзінде қызметкерлерге адал болуға, жұмыс барысында жемқорлық әрекеттерге жол бермеуге және жұмыс орнында жемқорлық әрекеттерге тап болған жағдайда комплаенс қызметіне немесе құзырлы органдарға шағымдану қажеттігін айтып өтті.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.