Бүгінгі таңда дүниежүзінде бір миллиардтан астам адам тұрақты түрде темекі шегеді. Статистикаға сүйенсек, 2013 жылы әлемде шамамен 7,5 миллион тонна темекі өнімі өндірілген, ал 2014 жылы адамдар 5 триллион қорап темекі тұтынған. Бүгінде әлемдегі әрбір төртінші еркек никотинге тәуелді. Ал, әр тоғызыншы әйел шылымды серік еткен. Темекі түтініндегі 4 мыңнан астам химиялық заттың кем дегенде 250-і денсаулыққа зиянды деп танылса, 50-ден астамы қатерлі ісік жасушаларын қалыптастырады. Сол себепті шылымқор ғана емес, оның түтінін жұтқан адамға да жүрек ауруына, өкпе, өңеш, асқазан т.б. обырына шалдығу қаупі төнеді.