Бүгін, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «№6 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының» диагностика бөлімінде емханамыздың комплаенс офицері Нурсултан Оразбаевтың қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар мақсаты – қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы, мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жемқорлықтың алдын алу, яғни сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын жою болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңымен таныстырып, ұйым қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге бағытталған өзара байланысты принциптердің, рәсімдердің және нақты шаралардың жиынтығы екенін, ал құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу жүйесін құру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатты қалыптастыру болып табылатындығын айтып өтті.
Жиналғандарға емханамыздың комплаенс офицері Н.Оразбаев өз сөзінде қызметкерлерге адал болуға, жұмыс барысында жемқорлық әрекеттерге жол бермеуге және жұмыс орнында жемқорлық әрекеттерге тап болған жағдайда комплаенс қызметіне немесе құзырлы органдарға шағымдану қажеттігін айтып өтті.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.