Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына іштің қатты ауыруы мен әлсіздігі бар 54 жастағы ер адам емдеуге жатқызылды. Оның айтуынша, ол 4 күн бойы ауырған. Осыған қарамастан медициналық көмекке жүгінген жоқ. Ақырында, қатты ауырсынудан кейін ер адамды жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді.
Хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі, лапароскопия бойынша тәжірибелі және білікті маман Ғабиден Рахымжановтың бастамасымен хирург дәрігерлер Бекташ Дүрсінов пен Әлімбек Бекнұр компьютерлік томография жүргізді. Суреттерде келіп түскен науқастың іш қуысында тұрып қалған тіс тазалағыш табылды.
«Бөгде затты алып тастау» әдісі бойынша шұғыл лапароскопиялық операция жасалды. Операция кезінде ұзындығы 4 см және диаметрі 2 мм ұзын жіңішке ағаш таяқша (тіс шұқығыш) алынды. Сәтті жүргізілген операциядан кейін науқас есін жиып, бірнеше күн бұрын қазы жегенін айтты. Ол етпен бірге тіс тазалағыштың өңешке түскенін байқамаған болуы керек.
Қыс мезгілі «согым» болғандықтан, дәрігерлер ет жеген кезде өте сақ болу керектігін ескертеді. Сондай-ақ айқын ауырсыну белгілері бар болған кезде уақтылы медициналық көмекке жүгіну маңызды.