Күн өтуден сақтаныңыз!

Күннің ыстығы барлық адамға әсер етеді. Сондықтан, оның зардабын тартпау үшін сақтанған жөн. Әсіресе, ағзаны сусыздандыруға ұшыратпай, кәдімгі суды көп ішкен жөн. Сондай-ақ, күн өтуден болатын аурудың негізгі 3 деңгейін білген дұрыс. Олар:
Жеңіл – зардап шеккен адамның бойында әлсіздік болып, бас ауырады, жүрегі айниды. Сондай-ақ жүрегі қатты соғып, көз қарашығы ұлғаюы мүмкін.
Орта – адамның аяқ астынан дене қызуы көтеріледі, басы ауырып, жүрегі айниды, басы айналады және құлағы шыңылдайды. Сонымен қатар жүріс-тұрысы бұзылып, көзі қарауытады, есінен танып, мұрнынан қан кетуі мүмкін.
Ауыр – аяқ астынан асқынады. Зардап шеккен адамның беті ысып, қызарады да, артынша сұрланады. Бет терісі мен шырышты қабықтары сұрғылт-көк түске немесе қою көк боялады. Бұл қан айналымының бұзылғанын білдіреді. Дене температурасы 41-42°C-қа дейін көтеріледі. Осы күйде оның қан тамырының соғуы әлсірейді және жиілейді, тырысу, бас айналу, галлюцинация, сандырақтау, есінен тануы немесе комаға түсуі мүмкін.
Күн өтуді емдеу
Негізгі ем – зардап шеккен адамды салқындату және ағзаның судан айырылуына жол бермеу. Бұл жағдайда дұрыс алғашқы көмек көрсету маңызды.
Ең бастысы – адамды көлеңке жерге апарып жатқызып, оның аяғын көтеру керек және маңдайына кез келген салқын затты қойып, кеудесін қысып тұрған киімді, ер адамдардың белдігі мен галстугын шешу керек. Сонымен қатар зардап шеккен адамның жеке заттарын тексеру қажет. Себебі ол қант диабетімен ауыруы, сондықтан гипогликемия болуы мүмкін. Егер бұл күдік расталса, тез арада аузына қант немесе шоколадты езіп салу керек. Егер науқастың жағдайы нашарлап, бірақ ол ештеңеге шағымданбаса, оған нитроглицерин берудің қажеті жоқ. Себебі, бұл науқастың жағдайын асқындырып, жедел жәрдем жұмысына кедергі келтіреді. Қан тамырларын кеңейтетін бұл препаратты аса сақтықпен қолдану қажет. Ауырғаннан - ауырмаудың алдын алыңыз!
                                                                                            depositphotos 77781148 stock illustration heatstroke ambulancedepositphotos 77356202 stock illustration heatstroke heat exhaus