ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: НҰР-СҰЛТАН МЕН АЛМАТЫДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

287792527 390355206467884 8016849043241474211 nМемлекет басшысы қысқа мерзімде құрылысты аяқтап, екі заманауи көпбейінді емхананы пайдалануға беруді тапсырды. Бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 200 төсектік Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы және 300 төсектік Ұлттық инфекциялық аурулар ғылыми орталығы.
Клиникалар JCI халықаралық аккредиттеу стандарттарына сәйкес келіп, Қазақстан медицинасының флагманы болады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы 200 төсекке арналған Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы (ҰШМҮО) қызметінің негізгі бағыттары стационарлық көмек, санитариялық авиация, клиникалық-диагностикалық және консультациялық-диагностикалық көмек болады. ҰШМҮО Қазақстан Республикасы мен Астана тұрғындары үшін шұғыл медицина бойынша негізгі медициналық орталыққа айналады.
Алматы қаласындағы 350 төсектік (ҰИАҒО) Ұлттық инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (АҚИ, ЖЖЖА және АҚТҚ/ЖҚТБ-ны қоспағанда) негізгі бағыты инфекциялық бейіндегі өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету үшін инфекциялық аурулар жөніндегі үйлестіру орталығы болады, сондай-ақ инфекциялық аурулар, туберкулезді қоса алғанда, тыныс алу ағзалары аурулары бойынша, сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің ұлттық есебін жүргізеді.
ҰИАҒО Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы, сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақстан-Ресей медицина университетінің инфекциялық, терапиялық, хирургиялық бейіндер кафедралары үшін клиникалық база болып табылады.
БҮГІНГІ КҮНІ АТАЛҒАН НЫСАНДАРДА ҚАНДАЙ ЖҰМЫС АТҚАРЫЛДЫ?
Екі клиника бойынша "Мемлекеттік сараптама" РМК - ның конструктивті шешімдер (іргетастар) 1-ші кезеңі бойынша оң қорытындысы алынды. Сондай-ақ, 2-ші кезеңнің жобалық шешімдері әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін жіберілді.
Негізгі блоктардың қаңқасы тұрғызылды. Шатырды, қасбеттерді монтаждау, ішкі қабырғалар мен қалқаларды орнату, едендерді тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ішкі инженерлік желілерді (желдету, электр қуаты, су құбыры және кәріз) орнату жұмыстары жалғасуда.