1.Идентификация пациента
2.Көзін тексеру
3.Ем тағайындау
4.Очки жазылады
Офтальмоскопия – офтальмоскоптың көмегімен ішкі жақтан көздің алмасын қарауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі. Офтальмоскопияның әдісінің көмегімен көз торын және оның құрылымын: сары дақ маңайы, көз торының орталық бөлігі, көру жүйкесінің дискісі, көз торының тамырлары, сондай-ақ, тамырлы қабықшасын мұқият қарауға болады.
Тонометрия (көзің ішкі қысымын өлшеу) – көздің ішкі қысымын өлшеудің диагностикалық әдісі. Бұл тест мүмкін глаукоманы (көру жүйкесін зақымдайтын және көрмеушілікке әкелетін көз ауруының түрі) анықтау мақсатымен жүргізіледі. Көру жүйкесінің зақымдалуы сұйықтықтың жиналуымен, яғни көзден лайықты түрде шығарылмаған жағдайда болады. Тонометрия әдісінің негізі сырттан қысым түскен кезде көз алмасының өзгеру деңгейін өлшеу.
Көздің тонометриясы келесілерде жүргізіледі:
Көздің жоғарғы ішкі қысымын және глаукоманың даму тәуекелділігін анықтау үшін тұрақты тексеру шегінде.
Глаукоманы емдеудің нәтижесін тексеру үшін.