Медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау мәселелері Мемлекет басшысының ерекше бақылауында.
Бұл бағытта Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлы жұмыс жүргізуде: 2020 жылы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 270-бабында медицина және фармацевтика қызметкерлерінің мәртебесі және олардың құқықтары бекітілді. Соңғы жылдары медицина қызметкерлерінің практикалық қызметіне ерекше назар аударылуда. Коронавирустық пандемия кезінде ақ халатты адамдар алдыңғы қатарда болды, көбінесе денсаулығы мен тіпті өміріне де қауіп төнді.
Өркениетті әлемде пациент медициналық қателіктерден қорғалуы керек, ал медициналық қызметкердің бастапқыда қоғамдвқ пайдалы тәуекелмен байланысты практикалық қызметі сақтандырылуы керек.
Осыған байланысты Министрлік медицина қызметкерлерінің денсаулығына зиян келтіргені үшін пациенттің мүдделерін қорғауға және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы заң жобасын әзірлеуде.
Қабылданып жатқан шаралар жақын арада ҚР Парламентінің депутаттық корпусының қарауына енгізілетін жаңа заңнамада көрініс тапты. Жаңа заңнамалық база пациенттің мүддесін қорғауға, медицина қызметкері мәртебесін арттыруға, білікті кадрлардың кетуін азайтуға, денсаулық сақтау мамандарын материалдық ынталандыруға, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді және дәрігер мамандығына деген жалпыға бірдей құрметті қайтаруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.