Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті, Мемлекеттік тіркеуден кейінгі нарықта айналымдағы дәрілік заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және дәрі-дәрмекті тұтынушылармен тікелей байланыс орнату мақсатында DariKZ мобилді қосымшасында дәрілік заттарды қолданғаннан кейін пайда болған жағымсыз әсерлер туралы хабарлама жіберу функционалы әзірленгенін хабарлайды.