Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «№6 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының» мамандандырылған көмек көрсету бөлімінде емханамыздың комплаенс офицері Нурсултан Оразбаевтың қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс мақсаты – қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы, мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жемқорлықтың алдын алу, яғни сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын жою болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім алу – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі екенін атап өтті.
Жиналғандарға емханамыздың комплаенс офицері Н.Оразбаев өз сөзінде қызметкерлерге адал болуға, жұмыс барысында жемқорлық әрекеттерге жол бермеуге және жұмыс орнында жемқорлық әрекеттерге тап болған жағдайда комплаенс қызметіне немесе құзырлы органдарға шағымдану қажеттігін айтып өтті.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.