2022 жылдың 31 қазанда Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «№6 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының» №2 отбасы денсаулығы бөлімінде емханамыздың комплаенс офицері Нурсултан Оразбаевтың қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналғандарға емханамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу керектігін ерекше атап өтті. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттері мемлекеттің дамуына кері әсері туралы, сыбайлас жемқорлықтың салдары заңмен қатаң қудаланатыны туралы айтылды.
Емханамыздың қызметкерлері науқастармен жұмыс жүргізу кезінде адалдық,парасаттылық көрсетудің маңыздылығы және де науқастарға қажетті ақпаратты ашық, дұрыс жеткізу керектігі туралыда айтып кетті.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.