Биттер (орысша Вши, лат. Anoplura басқаша сірке деп те атайды.) —эктопаразиттер отряды, адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер. Ауыз мүшесі теріні тесу арқылы иесінің қанын соруға арналған. Бұл паразиттер кейбір жануарлар денесінде ғана тіршілік етеді. Адамда болатын биттер (Pediculus humanus), тиф ауруын таратады және бүкіл әлемде таралған. Денесінің ұзындығы 0,4 тен 6 мм дейін, кішкентай басы және үлкен денесі бар, ал қанаттары кішірейген. Кеудесі басынан бөлектенген, ал сегменттері біріккен. Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген. Биттің жануарлардың түгіне немесе адамның киіміне, шашына жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек битке айналады.