Емхананамыздың аға медбикелерінің күнделікті жиналысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбы талқыланды.
Жиналысқа емханамыздың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Нурсултан Оразбаев қатысты.
Жиналыс барысында спикер сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған негізгі жаңалықтарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру тетіктері, мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау туралы айтты.
Сондай-ақ, жиналысқа қатысушыларға 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бекітілген тұжырымдамасының негізгі аспектілері туралы айтылды.
Спикер Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы маңызды бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тоқталды.
Сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау үшін мемлекеттік органдарда, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда нормативтік актілер мен жұмыс процестеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау жүргізілетін болады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жаңа тәсілдерді енгізуге, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату шараларын тоқтатуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салатын қағидатты сақтауға шақырды.
Сондай-ақ, жаңа бастамалар мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты..
Емхана қызметкерлеріне 1424 сall-орталығының бірыңғай нөмірі жұмыс істеп тұрғанын еске салды, кез келген адам өз ақпаратын сеніп тапсыруға болады немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультация ала алады.
Жиын соңында қатысушыларға спикерге сұрақ қоюға мүмкіндік берілді.