View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

 

452102545 18276480475225579 807216472845441121 n

452178108 18276480484225579 586386007555977024 n

Анықтамасы.

Bacillus anthracis қоздырғышымен шақырылатын, клиникасында терінің серозды геморрагиялық қабынуымен, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, қызба және интоксикациямен сипатталатын жедел бактериальды зоонозды инфекциялық ауру.

Клиникасы

Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 14 күнге дейін көбінесе 2-3 күн.

Жіктелуі

- терілік

-жайылмалы

2 синдроммен өтеді:- интоксикация синдромы

- ағзалардың зақымдалу синдромы

Терілік түрі 99%.

Карбункулезді

Терінің әр жерде орналасқан ісіктердің дамуымен болатын шырышты қабықтардың және регионарлы лимфадениттің коагуляционды некрозы. Жиі қолда және баста көк түсті дақтар түрінде ашып қышу сезімі болады. Бірнеше сағаттан соң дақ түсі қызыл түсті папулезге, 12-24 сағаттан соң серозды геморрагиялық бөліндісі бар көпіршікке айналады. Көпіршікшашты тараған кезде немесе өз бетімен ашылғанда жара пайда болады, қою қоңыр түсті қабыршақты сибирь жаралы карбункул. Ол тығыз инфильтирленген, гиперемияланған болады. Карбункул жекеленген немесе көптеген болады. Пальпацияда регионарлы лимфатүйіндері ұлғайған, ауырсынумен болады.

Эдематозды түрі:

Эдематозды түрі сирек кездеседі. Кіші көлемді карбункулдың ісінуімен, кейін келе оның некрозы мен мөлшерініңұлғаюы болады. Жұтқыншақтың жұмсақ тіндерінің ісінуіне байланысты асфиксия дамуы мүмкін.

Буллезді түрі

Сирек кездеседі. Қоздырғыш түскен жерде өзіне тән размерлі іші геморрагиялық затпен толған көпіршіктің дамуымен сипатталды.

Жайылмалы формасы:

Біріншілік генерализивті түрі:

  • қалшылдап тоңу
  • гипертермия
  • геморрагиялық бөртпелер
  • гемодинамикалық бұзылыстар

Екіншілік генерализивті түрі:

  • қалшылдап тоңу
  • гипертермия
  • интоксикациялық синдром
  • бас ауру, құсу
  • тахикардия, гипотония
  • есінен тану, сандырықтау
  • менингеальды симптомдар
  • геморрагиялық бөртпелер
  • ентігу, цианоз
  • инфекциялық-токсикалық шок

Өкпелік түрі

  • ентігу
  • кеуде клеткасының шаншып ауырсынуы
  • серозды-геморрагиялық қақырық
  • геморрагиялық плеврит
  • тыныс жетіспеушілігі

Ішектік түрі

  • бас ауырып, айналуы
  • қалшылдау, қызба
  • ішінің кесіп ауырсынуы
  • қанмен құсу
  • қан аралас сұйық нәжіс
  • ішек парезі, перитонит

Асқынулары

  • инфекциялық-токсикалық шок
  • өкпе ісігімен бірге жедел тыныс жетіспешілігі
  • ми ісінуі

Диагностикасы

Сібір жарасының диагностикасы клинико-эпидемиоллгиялық және лабораторлы мәліметтер негізінде қойылады.

  • бактериологиялық әдіс (карбункул, қан, қақырық, фекалий (нәжістен) жағынды
  • иммунофлюоресценция әдісі
  • аллергиялық әдіс (антроксинмен бірге терілік аллергиялық проба)

Салыстырмалы диагностикасы

  • оба ауруының терілік формасымен
  • туляремия
  • фурункул, тілме
  • пневмония
  • дизентерия
  • жедел панкреатит