View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.


       Емхананамыздың медбикелерінің күнделікті жиналысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбы талқыланды.
Жиналысқа емханамыздың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері қатысты.
      Жиналыс  барысында спикер сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған негізгі жаңалықтарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру тетіктері, мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау туралы айтты..
       Жиын барысында кәсіпорын қызметкерлері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыстарының жүруі, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық фактілерінің орын алуына жол берілмеуі туралы жұмыстар жалғастырылатынын ескертті
        Емхана қызметкерлеріне 1424 сall-орталығының бірыңғай нөмірі жұмыс істеп тұрғанын  еске салды, кез келген  адам өз ақпаратын сеніп тапсыруға болады немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультация ала алады.
Жиын соңында қатысушыларға спикерге сұрақ қоюға мүмкіндік берілді.

Изображение WhatsApp 2024 03 29 в 11.39.11 8170b3b2

 

Изображение WhatsApp 2024 03 29 в 11.39.11 44855e32