ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІГЕРЛЕР ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОН СЕГІЗ ЖАСТАҒЫ ЖІГІТТІҢ АЯҒЫН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

There is no translation available.

 
Бірнеше жерден жарақат алған жас жігіттің өмірін арашалап қалу үшін травматолог-хирургтар облыста алғаш рет Қазақстан үшін сирек кездесетін Masquelet әдістемесін қолданды.
Былтыр тамыз айында Шемонаиха қаласынан келген Ярослав Пятков басқаруындағы мотоциклге ие бола алмай, жол апатына түсіп, жамбасын бірнеше жерден сындырып алады. Жамбастың ашық сынығына алдымен облыстық балалар ауруханасында операция жасайды. Алайда біраз уақыттан кейін жара асқынып, іріңдеп кеткесін науқас облыстық ауруханаға жеткізіледі.
Қайта ота жасалғанымен науқастың жағдайы жақсармайды. Ашық сынықтардың күрделі және қауіпті асқынуы өрши береді.
«Халықаралық Травматология және ортопедия ғылыми орталығындағы әріптестер бізге емдеу үшін әлемдік ортопедиялық практикада кең таралған, бірақ Қазақстан үшін сирек кездесетін Masquelet әдістемесін қолдануды ұсынды. Орталықтың директоры Еркін Жүнісов операцияны жүргізуге көмектесу үшін Алматыдан өзі арнайы келді», - дейді облыстық аурухананың ортопедия бөлімінің меңгерушісі Думан Бакербеков.
Меңгерушінің түсіндіргеніндей, бұл әдістеме екі кезеңнен тұрады екен.
«Бірінші кезеңде біз сүйектің некроздан зардап шеккен тұсын алып тастадық. Оның орнына антибиотикпен араластырылған цемент импланты уақытша орнатылды, антибиотик жараның қабынуын тоқтатады. Алты аптадан кейін оның орнына сүйек имплантын орнатамыз», - деп толықтырды дәрігер.
Бірінші кезең сәтті өтті. Бірнеше күннен кейін жараның қабынуы басылып, біте бастады. Науқас жағдайының жақсарғанын айтуда.
Пациент Ярослав Пятков дәрігерлерге шексіз риза екенін айтады.
«Әрине, ауруханада маған жақсы қарайды, барлық қызметкерлер мейірімді. Үнемі қамқорлық танытып, қолдау көрсетеді. Бірақ мен үйге қайтқым келеді, туыстарымды, достарымды сағындым. Тезірек колледжге оралсам деймін, қазір қашықтан оқимын. Соңғы отадан кейін мен өзімді бірден жақсы сезіндім, ауырсыну азайды, ірің жоқ. Мен сынған сүйектерімнің тезірек жетіліп, біткенін, сосын белсенді өмірге оралуды асыға күтемін», - деді жас жігіт.
338025275 3545864278970345 2907977532724177447 n