View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары бауырдың туа біткен гемангиомасын алып тастау үшін операция алдындағы оң жақ бауыр артериясы рентгенэндоваскулярлық эмболизациямен біріктірілген күрделі операция жасады. Жаңа туған нәрестеге мұндай операция біздің елде алғаш рет жасалды.
Бауырдың үлкен ісігі бауырдың барлық оң жақ бөлігін алып, бала туғаннан кейін бірден анықталды. 3 ақпанда үш күндік бала Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына ауыстырылды.
Бес күннің ішінде жағдайды түзетіп, консервативті емдеу жүргізілді. Қысқа уақыттың ішінде іштің көлемі 38 см-ден 44 см-ге дейін ұлғайды. Ісік ішкі ағзаларды қысып тастады, осыған байланысты бала жасанды өкпе желдеткіші аппаратына қосылды. Осы жағдайларды ескере отырып, жедел емдеуді шұғыл түрде жүргізу туралы мультидисциплиналық шешім қабылданды.
Күрделі операция 4 сағаттан астам уақытқа созылды. Бұрын оң жақ бауыр артериясының рентгенэндоваскулярлық эмболизациясы, содан кейін лапаротомия, оң жақ гемигепатэктомия, содан кейін ішперде қуысының дренажы жасалды.
Операцияны Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының білікті дәрігерлері, өз ісінің тәжірибелі мамандары жүргізді: хирургиялық блоктың жетекшісі Константин Эдуардович Хаиров, рентгенендоваскулярлық хирург Азиз Қажымұқанұлы Оңласынов, неонаталдық хирургтар: Қанат Серікұлы Әшірбай, Қасенов Шалқар Ерсайынұлы, реанимациялық-анестезиологиялық блоктың жетекшісі Гүлшат Нұрмұратқызы Әлімханова, жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Нұрсұлтан Әуелбекұлы Құрбанбеков. Алынған ісіктің салмағы 500 грамм болды. Аралас операцияның арқасында қан кету көлемі барынша азайтылды.
Операциядан кейінгі 5-ші күні кішкентай пациент реанимация бөлімшесінен неонатология бөлімшесіне анасының жанындағы палатаға ауыстырылды. Операциядан кейін 12 күннің ішінде Альтамир есімді кішкентай пациент үйге аман-есен шығарылды
332956636 1272701703343464 579