View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

Карантиндік шектеулерді қайта қарау туралы - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
"Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 жаңа қаулысында карантин мерзіміне қатысты тәсілдер қайта қарастырылды.
COVID-19 науқасымен байланыста (жақын байланыста) болған адамдарға үй карантині мерзіміне қатысты өзгерістер енгізілді.
Мәселен, COVID-19 науқасымен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болмаған кезде, егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаған болса, соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады.
Байланыста болған адамда ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантинінің 7-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі.
ПТР-зерттеудің теріс нәтижесімен үй карантині аяқталады.
Егер үй карантинінің 7-ші күнінде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін сынамаларды іріктеу жүргізілмесе, үй карантині оқшауланған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін жалғасады.
Карантиндеудің ұқсас тактикасы коронавирустық инфекцияның асимптоматикалық ағымы бар науқастарға да қолданылады.
(Бұрын болған: 3 тәулікке ПТР әдісімен тексеру және 14 күн ішінде карантин)
Алгоритмдерге редакциялық түзетулер енгізілді.
Осы қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады.272479499 296214282548644 5914304579930457690 n