Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

Пациент А. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ға ойық жаралы колит, орташа белсенділіктің жалпы зақымдануы және қайталама тромбоцитоз сияқты бірқатар ауыр диагноздармен емдеуге жатқызылды. Ол тек таяқтың көмегімен ғана жүре алатын өте ауыр халде болды.
«Ол тәулігіне 5 ретке дейінгі қан, шырыш араласқан ішінің жиі өтуіне, табаны, арқасы, басы, сол жақ құлағының қалқаны аймағындағы іріңге, соңғы 3 айда дене салмағының 5 кг-ға төмендеуіне, саусақтарының ауыруына шағымданды», - дейді №1 терапия бөлімінің меңгерушісі Майра Әлімбетова.
Айтпақшы, ойық жаралы колит - бұл тоқ ішек пен тік ішектің бетіндегі қабыну мен жараларды қамтитын жағдай. Ішектің қабыну ауруы өмірге қауіп төндіретін асқынуларды тудыруы мүмкін.
Дәрігерлер базистік және гендік-инженерлік биологиялық терапияны дұрыс таңдады, оның аясында пациенттің жағдайы жақсарды, ішінің өтуі тыйылды, жаралар жазылды, буындарының ауыруы тоқтады, жалпы жағдайы жақсарды.
ҒЗИ мамандары стандартты терапия схемасы тиісті әсер етпеген жағдайларда гендік-инженерлік биологиялық терапияны сәтті қолданатынын айта кеткен жөн. Ол ағзалар мен тіндерге зиянды әсер ететін негізгі цитокиндерге әсер етеді. Инновациялық емдеу пациенттердің өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Клиникада сараланған, сәулелік, эндоскопиялық, антиденелік диагностика, ішектен тыс көріністердің диагностикасы жүргізіледі. Пациенттерді емдеу кезінде цитостатиктермен және гендік-инженерлік биологиялық препараттармен терапия сәтті қолданылады.
Пациенттің өзі клиника дәрігерлеріне алғысын жаудыруда. «Қазіргі уақытта мен таяқсыз жүремін, белсенді өмір салтын ұстанамын, сүйікті жұмысымда еңбек етудемін және көп саяхаттаймын», - дейді ол.
330855302 каз