Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

Достар, жыл сайын МӘМС жарналарының мөлшері өзгеріп отырады. 2023 жылы жарналар мөлшері басқаша есептелетін болады.
🙌 Біз сіздер үшін төлеушілердің әр санаты бойынша ақпаратты алдын-ала дайындадық, сондықтан өзіңіз есептеудің қажеті жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жарналарының мөлшері жыл сайын өзгеріп отыратын АЕК және ЕТЖ мөлшеріне тікелей байланысты. Бұл ретте МӘМС жарналары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады, себебі олар «МӘМС туралы» Заңмен бекітілген.
☝🏽 Мысалы, дербес төлеуші бойынша жарналар мөлшерлемесі 1 ЕТЖ-нің 5% - на тең (ең төменгі жалақы мөлшері). Және бұл мөлшерлеме ешқашан өзгермейді. Бірақ соңғы сомаға әсер ететін ЕТЖ мөлшері өзгеретін болады.
✅ Биыл ЕТЖ мөлшері 60 мың теңгені құрады. Демек, МӘМС жарнасының мөлшері 3 000 теңге деп есептелінді.
✅ 2023 жылғы 1 қаңтарда ЕТЖ 70 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Демек, МӘМС жарнасының мөлшері 3 500 теңгені құрайды.
Осылайша, МӘМС-ға жарна төлеушілердің әр санаты бойынша есептелінеді.
1231 415 67