Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

2022 жылдың 24 қарашада Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «№6 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының №3 отбасы денсаулығы бөлімінде емханамыздың комплаенс офицері Нурсултан Оразбаевтың  қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналысқа қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру үшін келесі ұсыныстар айтылды:
Емхана қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде барлық ұсыныстар мен лауазымдық нұсқаулықтарды сақтауы қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік емхананың әрбір қызметкерінің азаматтық ұстанымына айналуы тиіс.
Емхана қызметкерлерінің мінез-құлқына сәйкес келетін негізгі қасиеттерінің бірі адалдық пен бұзылмаушылық(ақшаға сатылмаушылық) болуы керек.
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшті иммунитеті және оны қоғамдық айыптауы болмаған жағдайда емхананың Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында сапалы медициналық қызмет көрсетуге бағытталған басым мақсатына қол жеткізу мүмкін емес.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір азаматтың, бүкіл қоғамның ісі екенін емхананың әрбір қызметкері түсінуі және есте сақтауы керек.
Сыбайлас жемқорлықты білу және одан бас тарту – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізі.24.11 124.11 2