Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

Мерзімінен бұрын туылған балалар күніне ашық есік күні өткізілді. Халықаралық шала туған балалар күнін 2011 жылы Еуропалық жаңа туған нәрестелерді күту қоры (European Foundation for the Care of Newborn Infants, EFCNI) March of Dimes ұйымы, Африка елдеріне көмек көрсететін Little Big Souls халықаралық қоры, сондай-ақ Австралияның шала туған балалар аналарының Ұлттық Қоры құрған. Қызмет басталған сәттен бастап халықаралық мерекеге 50-ден астам ел қосылды.

Егер бала жүктіліктің 37 аптасына дейін туылса, шала туылған деп саналады. Шала туған балаларға ерекше күтім қажет. Оларды кезең-кезеңімен күтуді неонатологтер мен педиатрлар алдымен перзентханада, содан кейін балалар ауруханасы мен емханада жүзеге асырады. Оларға күрделі аппараттар, қымбат дәрі-дәрмектер, жоғары білікті медициналық қызметкерлер және, әрине, ата-аналардың шексіз махаббаты мен шыдамдылығы қажет.

Мерзімінен бұрын босанудың себептері әйелде созылмалы соматикалық патологияның болуымен, бұрын мерзімінен бұрын босанумен, зиянды әдеттермен немесе өндірістегі кәсіби зияндылықпен, анада құрсақішілік инфекцияның болуымен байланысты болуы мүмкін.

taraz gp6 315675768 842711323432448 4077535179497523906 ntaraz gp6 315976056 1361592037918382 4041547750509449926 n1