Бұл сүт безінің безді тінінің қатерлі ісігі. Әлемде бұл әйелдер арасында қатерлі ісік ауруының ең көп таралған түрі, 13 пен 90 жас аралығындағы 100 000 әйелге шаққанда 99,4 құрайды. Қазақстанда жыл сайын сүт безі обырымен сырқаттанудың 5000-ға жуық жаңа жағдайы анықталады. ҚР бойынша сүт безі обыры аурушаңдығының құрылымында соңғы 15 жылда тұрақты түрде бірінші орында тұр. Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім құрылымында сүт безі обыры 3-ші орын алады және жыл сайын 1200-ге жуық әйелдің өмірін қиып өтеді.