Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ОКҚ алаңында өткен брифингте коронавирустық инфекция бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдай және КВИ-мен күрес шаралары туралы баяндады.
"Соңғы 2 аптада ауру 3,2 есеге өсті (10 714-тен 34 550 жағдайға дейін), өсім барлық өңірлерде байқалады. Тәулігіне КВИ+ -тің 3000-ға жуық және КВИ- -тің 20 - ға жуық жағдайлары тіркеліп жатыр ", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес бүгінгі күні сары аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, қалған өңірлер мен Қазақстан Республикасы жасыл аймақта орналасқан.
Сырқаттанудың өсуіне қарамастан, ауру жеңіл түрде өтеді, бірақ қауіпті топқа жүкті әйелдер, 60 жастан асқан адамдар, созылмалы қоса жүретін аурулары бар науқастар, КВИ-ға қарсы егілмегендер жатады.297593337 426467252856679 5232556330177396169 n