Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

Нашақорлық - қоғам дерті ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген, шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр.

Нашақорлық - наркомания ( грек тілінен narke - мелшию және mania - ессіздік, құтырыну) - есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі дүние мүшелері зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, асқорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалады. Нашақорлық жұқпасы ауру іспетті, бірақ онымен көбінесе өз еркімен ауырады. Нашақор адам 1 жылда кем дегенде 5 адамды осы әрекетке тартып, ауруын жұқтырады. Бүгінде Қазақстанда ресми дерек бойынша, есірткі тұтынушы ретінде тіркелген 48 000 адам есепте тұр. Алайда, ресми емес дерек көздері бойынша олардың саны 350 000-нан астам. Сондай-ақ есірткіге тәуелділердің 27%-ін 12-16 жастағылар құраса, 42%-інен астамы 17-26 жас арасындағылар, яғни, жастар.

Қазіргі таңда аса ірі көлемде есірткі контробандасы үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан кәмелетке толмағандарды екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша іске асырылады

11111111111111111333333333333333333333332222222222222222222222