Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

1.Науқасты белдікке дейін шешіндіріп,балтырларын да киімдерінен босату.

2. Науқасты кушеткаға шалқасынан жатқызу.
3. Білектерін және балтырларының төменгі тұстарын ылғалдандыратын гелмен сүрту.
4. Ылғалданған теріге бекітетін қысқыштар арқылы электродтардың металл пластинкаларын қою.
5. Электродтардың металл пластинкаларын бекіту реті:
• Оң қолға – қызыл электрод
• Сол қолға – сары электрод
• Сол аяққа – жасыл электрод
• Оң аяққа – қара электрод
6. Кеуденің электродтар қойылатын тұстарына ылғалдандыратын гелді сүрту.
7. Науқастың кеудесіне электродтарды 6 позицияда резеңке сорғыштар жәрдемімен бекіту:
- IV қабырға аралығы төстің оң қыры
- IV қабырға аралығы төстің сол қыры
- IV- V қабырға аралығы сол төс маңы сызығы
- V қабырға аралығы бұғана орта сызығы
- V қабырға аралығы сол қолтық алды сызығы
- V қабырға аралығы сол қолтық орта сызығы
8. ЭКГ аппаратын қосып, «жүргізу» тетігін басу арқылы ЭКГ жазу ( әр тіркемеде үш жүрек комплексінен кем жазылмауы тиіс).
9. 12 тіркемеде ЭКГ –ны жазып болғаннан кейін аппаратты ажырату. Науқастың денесіндегі электродтарды алу.
10. ЭКГ таспасына науқастың аты-жөні, жасы, ЭКГ түсірілген күні жазылады.