ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният ОКҚ брифингінде Қазақстандағы КВИ-ға қарсы вакцинация және ревакцинация мәселесіне, препараттардың жеткіліктілігіне түсініктеме берді.
"Бізде шамамен 5 млн доза вакцина бар: оның 2,8-і вакцинацияға, 2 млн-ы ревакцинацияға арналған. Барлық емханаларда вакцинация және ревакцинацияға арналған препараттар бар . Биылғы жылы осы вакциналарға қосымша 5 млн доза вакцина сатып алуды жоспарлап отырмыз. Вакцинация және ревакцинация жоспарлы түрде жүргізіледі", - деп ҚР ДСМ басшысы хабарлады.
Қазіргі уақытта ведомство "Синофарм"вакцинасының 2 млн дозасын сатып алу туралы келіссөздер жүргізуде.
Айта кететін жағдай, бүгінгі таңда 1-құрауышпен 9,5 млн-нан астам адам егілді, тиісті ересек тұрғындарды қамту 79,6% - ды құрады, екінші құрауышпен 8,8 млн-нан астам адам егіліп, тиісті ересек тұрғындардың 75,8% - ын қамтыды. Республика бойынша қайта вакцинациялауға жататын халықты қамту 26,8% - ды құрады.
Қазақстанда COVID-19 вакцинациясы мен ревакцинациясы үшін "Гам-КОВИД-Вак "(Спутник V)," QazVac " (QazCovid-in) , Comirnaty (Pfizer) және Vero Cell (Sinopharm) вакциналары қол жетімді екенін естеріңізге саламыз.
Бұдан басқа, ағымдағы айда "Спутник Лайт" вакцинасының 150 мың дозасы өтеусіз негізде жеткізіледі.