Қазақстанда КВИ

Қазақстанда КВИ жаңа жағдайларының саны 28% - ға төмендеді
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сырқаттанушылық жағдайы және елде COVID-19 таралуының алдын алу шаралары туралы хабарлады.
«Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 28% - ға төмендеді», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Қазіргі уақытта қызыл аймақта 1 өңір - Ақмола облысы орналасқан.
Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан және қалған 11 өңір жасыл аймақта орналасқан.
Сондай-ақ, халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда.
Ведомствоның ақпараты бойынша, 1-ші компонентпен 8,8 млн.астам адам егілді, жататын ересек тұрғындарды қамту 77,5% құрады, екінші компонентпен 8,2 млн. астам адам егілді, тиісті ересек тұрғындардың 72,5% қамтылды.
А. Цой әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссия халықты қайта вакцинациялау тактикасын қайта қарағанын атап өтті.
«8 желтоқсаннан бастап 6 айдан кейін вакцинацияны екі дозамен аяқтаған, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен ауырған барлық адамдар ревакцинацияға жатады. Бүгінде ревакцинациямен 44 702 адам қамтылды», - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, ҚР ДСМ басшысы коронавирустық инфекция штамдарының айналымдағы нұсқаларын мониторингілеу жөніндегі ведомствоның жұмысы туралы хабарлады.
Мәселен, «Омикрон» коронавирусы штаммының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, Алматы қаласында «Омикрон" короновирусы штаммдарының нұсқасына тән мутацияның болуына алдын ала ПТР скринингі жүргізілді.
«Омикрон» коронавирус штаммы нұсқасының айналымы анықталған жоқ.
ҚР барлық өңірлерінде іріктелген оң сынамалардың үлгілерін толық геномдық секвенирлеу жалғасуда», - деп түйіндеді министр.
266398893 269751671861572 4541952479551669014 n