Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев «Тәуелсіздікке 30 жыл: Жамбыл облысындағы денсаулық сақтау саласы» тақырыбында баспасөз брифингін өткізді.
Жалпы халықтың тұрмысының, денсаулығының түзелуі, санының өсуінің нәтижесінде қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы 73,2 жасқа жуықтады. Осы уақыт аралығында Жамбыл облысының медицинасы да көптеген қиындықтардан өтті, біршама белестерді бағындырды. Атап айтар болсақ, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көлеміне 1991 жылы - 500 млн теңге болса, биылға бөлінген қаражат 85,3 млрд. теңгені құрады. 30 жылда бұл көрсеткіш - 170,6 есе өскен.
Өткен жылдар ішінде педиатрия қызметінде «Жол картасының» іс-шаралары жүзеге асты. Нәтижесінде, облыстың демографиялық жағдайы жақсарды. Егер 1991 жылы 1000 тұрғынға шаққандағы туу коэффициенті - 23,7 пайыз болса, былтыр 25,2 пайыз туу коэффициентімен 27 мыңнан астам нәрестеөмірге келді. Табиғи өсім 1000 тұрғынға шаққанда - 16,95 құрады.
Жамбыл облысының 5 медициналық ұйымында кардиохирургия, травматология, акушерлік-гинекологиялық бейін бойынша жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетіледі. Олар: Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы, Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы, Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы, «Жүрек» кардиохирургиялық клиникасы, «Неке және отбасы» медициналық орталығы.
Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының жабдықталуы да артты, 2009 жылы жабдықталу - 35,7 пайыз болса, 2020 жылы – 85,9%.
Денсаулық сақтау нысандарын соғу екпіні де жоғары. Егер, 1991 жылдан 2009 жылға дейін 27 денсаулық сақтау нысаны соғылса, 2009 -2020 жылдар аралығында 217 нысан ел игілігіне пайдалануға берілген.
263331666 958019091591318 6247430202244840768 n263291555 958019094924651 3331603861576355559 n